Бүгін, 28 қазанда, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің алдағы даму бағыттары, әлеуметтік-экономикалық басымдықтары мен өзекті міндеттері қамтылды.
Президент Жолдауында көтерілген мәселелер елдің тұрақты дамуы мен қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастамаларды айқындайды.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұжымы қоршаған ортаны қорғау, табиғи мұраны сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.