2025 жылғы 10 желтоқсан күні Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының құрылғанына 86 жыл толуына орай, оқушылар үйінің тәрбиеленушілеріне қорықтың табиғаттағы маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сабақ барысында оқушыларға қорықтың бірегей экожүйесі, флорасы мен фаунасы, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыру және табиғатқа деген жанашырлықты арттыру.
Табиғатты қорғау – болашақты қорғау!










