Қорық әкімшілігі


қорық әкімшілігіне келесі қызметкерлер жатады: қорық директоры, директордың жалпы мәселелер бойынша орынбасары, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кадр бойынша инспектор, заңгер, бас бухгалтер және бас экономист.
Директор – Қаниев Хамит Мәмбетқалиұлы
директордың жалпы мәселелер бойынша орынбасары – Ембергенов Ғабит Советұлы
директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары – Сатекеев Гауһарбек Қарабекұлы
Қорықпен байланысу үшін төмендегіше телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

  • директормен - 8 724 33 2 14 66
  • кадр мәселелері бойынша – 8 724 33 2 22 31
  • бухгалтерия мәселелері бойынша – 8 724 33 2 12 01

Табиғи кешендерді қорғау қызметі бөлімі


Табиғи кешендерді қорғау қызметі төмендегіше жұмыстардан тұрады:
- экожүйелер мен оларға кіретін табиғи кешендердің бірегейлігін сақтау;
- орнатылған режимді қамтамасыз ету үшін қорық аумағында және күзет аймағында қорғау қызметін жүргізу;
- Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің мекен ету аймағын қорғау;
- дала және орман өрттерін болдырмау және алдын алу.

 

Бөлімде бөлім басшысымен бірге 15 мемлекеттік инспектор қызмет атқарады.
Табиғи кешендерді қорғау қызметі бөлімінің басшысы – Базарбаев Ғалымжан Әлиханұлы

 Ғылым, ақпарат, мониторинг, экологиялық ағарту және экотуризм бөлімі


Бөлім қызметкерлері біріккен бөлім болғандықтан төмендегіше ғылыми және экологиялық ағарту мен экотуризм жұмыстарын қоса алып жүреді:
- бұрынғы аралдық эталонды шөлейтті экожүйелердің мониторингі;
- биоәркелкілікті қорғау және зерттеу;
- шөлейттенген учаскелердің биоәркелкілігінің қайта қалпына келуін бақылау;  
- экологиялық білім беруді ұйымдастыру;
- экологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
- оқу және танымдық экскурсиялар жүргізу;
- БАҚ-мен байланыс;
- қоғаммен байланыс.

Бөлімде штаттық – бөлім басшысы, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, экологиялық ағарту маманы – және штаттан тыс қызметкерлерлер – экологиялық туризм мамандары, экскурсия жетекшілері, ғылыми қор кітапханашысы, биолог, орманшы және лаборант жұмыс жасайды.
Ғылым, ақпарат, мониторинг, экологиялық ағарту және экотуризм бөлімінің басшысы – Жылқайдаров Арман Бауыржанұлы

  Шаруашылық және техникалық қамтамасыз ету қызметі

Шаруашылық және техникалық қамтамасыз ету қызметінде штаттан тыс келесідей қызметкерлер жұмыс атқарады: қорық қызметін қамтамасыз ету бойынша қосымша мамандар, жүргізушілер, техникалық қызметкерлер, қарауылдар және т.б.

Шаруашылық меңгерушісі – Сексенбаев Нағашыбай Мешітбайұлы.
Механик – Түйешов Әбсұлтан Қарарұлы.