Өрттің алдын алу – әр азаматтың жауапкершілігі!
 
Жаздың ыстық күндерінде табиғаттың әрбір тынысы  ерекше қорғауды қажет етеді. Бір ғана ұшқын – орман мен даладағы тіршілікті жойып, табиғатқа орны толмас зиян келтіруі мүмкін.
Осыған байланысты «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ табиғи өрттердің алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуде. Қорық қызметкерлері тәулік бойы бақылау ұйымдастырып, өрт қаупі жоғары аумақтарды қадағалайды. Өрт сөндіру техникасы мен арнайы құрал-жабдықтардың дайындығы тұрақты тексеріліп, мамандардың жедел әрекет ету қабілеті жетілдірілуде.
Табиғатты қорғау – тек мамандардың ғана емес, баршамыздың ортақ міндетіміз.
 Табиғат аясында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтайық:
• Отты қараусыз қалдырмаңыз;
• Сөндірілмеген шоқ пен темекі тұқылын тастамаңыз;
• Қоқысты өртемеңіз;
• Өртті байқасаңыз, дереу жауапты қызметтерге хабарлаңыз.
 Табиғатты бірге қорғайық! Себебі табиғат – болашақ ұрпаққа қалдыратын ең асыл мұрамыз.