Барсакелмес МТҚ өрт қауіпті маусымға дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Н. Тоғысов және МӨСБ мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бас маманы Д. Абдрасулаев қызметкерлерге орман және дала өрттерін алдын алу шараларын түсіндіріп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің №235-V заңының 410, 2 және 367-баптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызметкерлерге нақты міндеттер белгіленіп, жоспарланған өрт қауіпсіздігі іс-шаралары жүзеге асырылуда.