Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Барсакелмес қорығында кездесу өткізді
Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамыту жөніндегі 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Нұралы Бақытұлы Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығына арнайы келді.
Кездесу барысында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау, діни радикализмнің зиянды әсерлерінен сақтану мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, қатысушыларға мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары түсіндіріліп, өзекті сұрақтарға жауап берілді.
Іс-шараға қорық қызметкерлері қатысып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында өз пікірлерімен бөлісті. Кездесудің мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың діни және қоғамдық мәселелер бойынша сауаттылығын арттыру және экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ұжымы мұндай кездесулердің қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызын атап өтті.
View the embedded image gallery online at:
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2119-respublikaly-a-paratty-t-sindiru-tobyny-m-shesi-barsakelmes-ory-ynda-kezdesu-tkizdi.html#sigFreeIdd3c244ed07
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2119-respublikaly-a-paratty-t-sindiru-tobyny-m-shesi-barsakelmes-ory-ynda-kezdesu-tkizdi.html#sigFreeIdd3c244ed07










