Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының «Парктер шеруі» және «Таза Қазақстан» экологиялық акцияларын өткізу жөніндегі жоспарына сәйкес "Мөлдір бұлақ" акциясы аясында қорықтың Қасқақұлан учаскесіндегі табиғи су көздеріне тазалық жасау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Аталған жұмыстарды мекеме қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары атқарып, табиғи су көздерінің маңайын қоқыстардан тазартып, олардың табиғи қалпын сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асырды.
Мұндай жұмыстар табиғи экожүйені сақтау, жануарлар дүниесінің тіршілік ету ортасын қорғау және өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар бұл бастамалар табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғау ісіне қоғам назарын аударуға ықпал етеді.