Бұл күннің басты мақсаты – табиғаттағы тіршілік иелерінің алуан түрлілігін сақтау, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның экологиялық мәселелерге деген жауапкершілігін арттыру. «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі – 2026» республикалық акциялары аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері Арал ауданындағы №220 мектептің оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен «Халықаралық биологиялық алуантүрлілік» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында табиғатты қорғау, биологиялық әртүрлілікті сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік.
Табиғатты бірге қорғайық — болашақ үшін!
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2028-22-mamyr-khaly-araly-biologiyaly-rt-rlilik-k-ni-3.html#sigFreeId696972c9d3










