Фото тұзақтар жабайы жануарлардың табиғи ортадағы қозғалысын жасырын түрде бақылап, олардың тіршілік әрекеттері жөнінде нақты ғылыми деректер алуға мүмкіндік береді.

Аталған құрылғылардың көмегімен сирек кездесетін және қорғауды қажет ететін жануар түрлерінің популяциялық жағдайын зерделеп, олардың мекендеу ортасын сақтау мен қорғауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.