Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қорыққа 2 дана HOWO заманауи өрт сөндіру техникасы берілді.Жаңа техникалар орман және дала өрттерінің алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жоғары өтімділігімен ерекшеленетін HOWO көліктері күрделі табиғи аймақтарда жұмыс істеуге бейімделген және өрт ошақтарына қысқа уақытта жетуге мүмкіндік береді.Заманауи өрт сөндіру жабдықтарымен қамтылған техникалар табиғи аумақтарды қорғау жұмыстарын күшейтіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосады.Жаңа техникалардың пайдалануға берілуі – қорықтың материалдық-техникалық жағдайын арттырып, табиғатты қорғау және өрттің алдын алу шараларының тиімділігін жоғарылатудағы маңызды қадам болып табылады.
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2038-barsakelmes-memlekettik-tabi-i-ory-yna-zha-a-rt-s-ndiru-tekhnikalary-tabystaldy.html#sigFreeId5678fc9971










