24 шілде күні Қызылорда облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың бастамасымен Арал ауданында республика бойынша өтіп жатқан #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтті.

Акция аясында Кіші Арал теңізінің Көк Арал бөгетінің маңында тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің директоры З.Алимбетова және мекеме қызметкерлері қатысып, аталмыш акцияның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.