Республикалық "Парктер шеруі"-2024 табиғат қорғау акциясы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Қызылорда облысының Қазалы ауданында іс-шаралар жүргізді. Іс-шара барысында оқушылармен қорықтың биоәркелкілігі туралы кездесу ұйымдастырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.