Қалқанжапырақты батпақгүл (Nymphoides peltatum) - су астында бұралып өсетін тамыр сабағы бар судағы шөптесін тамыр жаятын өсімдік. Жапырақтары мен гүлдері суда жүзіп жүреді. Жапырақтары қарапайым, сопақша, дөңгелек не жұмыртқа тәріздес нысанда, сәл ойылған, үстіне қарай қайырылған; олардың жоғарғы бөлігі көн тәрізді, төменгі жағы - безді. Гүлдері бес күлтелі, сары түсті, көлемі 2 - 5 см, шатыр тәрізді немесе қалқан тәрізді гүлшоғырға жиналған. Жемісі - қоңыр, сары немесе жасыл түсті қауашақ. Экологиясы: ағынсыз немесе ағыны жай су қоймаларында, таяз суда өседі. Шілдеде - тамызда гүлдейді. ‼️Ескертпе. Декоративті, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қытай медицинасында сергітетін дәрі - дәрмек ретінде пайдаланылады.