Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының біріккен іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері көтерілді. Аумақтық инспекция қызметкерлері тарапынан қорықтың мемлекеттік инспекторларына бірқатар сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.