«Құландар ізімен» экомаршрутының туристік-экскурсиялық маңызы бар. Жүру сипатына қарай автомобилді және жаяу жүріс. Соқпаққа келген адам саны 5-7-нан аспауы керек. Аялдамаларды есепке алғанда жүру уақыты 10 сағат 50 минут, ұзақтығы 159 км. Жаңақұрылыс елді мекенінен басталып Ақкөл көлдер жүйесі – Бегім Ана ескерткіші – Қасқақұлан учаскесі – құмдар жотасы – Қаратерең елді мекенімен аяқталады. Маршруттың басы Жаңақұрылыс елді мекенінен басталады, оның оңтүстік-батысынан 10 км жерде көлдер жиынтығы орналасқан. Маршрут бойында ХІІІ ғасырға жататын тарихи-мәдени ескерткіш – «Бегім ана» кесенесі бар. Бегім-ана кесенесінен теңіздің кепкен ұлтаны арқылы 33 км қашықтықтағы бұрынғы Қасқақұлан аралына жетеді. Бұрынғы Қасқақұлан аралында тұяқты жануарлардың негізгі суат көздері болып табылатын 3 су ұңғымасы орналасқан. Бұл өз кезегінде жабайы жануарларды көзбен көріп бақылап, тамашалауға зор мүмкіндік береді. Бұрынғы Қасқақұлан аралының батысында орналасқан құм жоталарды қызықтау үшін серуен құру да жоспарланған. Құм жоталарда серуендеу ұзақтығы 17 км құрайды. Осы нүктеден Ұзынқайыр, Тоқпан, Ахат аймақтары арқылы Қаратерең елді мекеніне келіп жетеді. Соқпақтың (маршруттың) жіктемесі:

1) бағыты бойынша: туристік-экскурсиялық, ғылыми-танымдық, оқу-ағартушылық;

2) орналасу түрі бойынша: аралас - автомобильді, жаяу жүріс;

3) қолданыс уақыт бойынша: маусымдық;

4) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық;

Маршруттың жұмыс істеу мерзімі 1 сәуірден 30 маусым және 15 тамыздан 30 қазанға дейін.

Шілде айында ауа температурасының өте жоғары болуына (+40°С және одан аса) байланысты өрт қауіпсіздігі үшін рекреакциялық жүктемеге және туризмге қатаң тиым салынады.