2022 жылдың тамыз айында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығына тиесілі жерлерде «4-ші Арал теңізіндегі халықаралық жазғы мектеп» жобасының аясында кезекті жаздық лагері далалық іс-шаралар жұмыстары жүргізілді. Лагерге табиғат қорғау саласына қызығушылық танытып, ғылыми жұмыстарын жүргізіп жүрген бірқатар студенттер қатысты. Сонымен қатар ғылым бөлімінің қызметкерлері қорықтың тыным-тіршілігімен, табиғат мұражайы көрмесімен  студенттерді таныстырып, ақпараттандырды. Іс-шара барысында қатысушылар Арал теңізі және оның өзекті мәселелерімен таныса отыра, өз көздерімен сол аумақтарды және де Барсакелмес қорығының «Қасқақұлан» кластерлік учаскесінің аумағын, ондағы биоәркелікті көру мүмкіншілігіне ие болды.