Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында орманшылардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиналыс өтті.
Жиналысты мекеме директоры Х. Қаниев жүргізді. Кездесу барысында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен ұжымның жетістіктері қорытындыланып, табиғатты қорғау және қорықтың биоалуантүрлілігін сақтау бағытындағы маңызды нәтижелер атап өтілді.
Мерекелік жиын аясында өз қызметінде жоғары нәтиже көрсетіп, табиғатты қорғау ісіне елеулі үлес қосқан бірқатар қызметкер төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Барлық орманшыларды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін! Табиғатты қорғау жолындағы қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз!
Орманды қорғау – болашақты қорғау!
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2234-ormanshylar-k-nine-oraj-saltanatty-zhinalys-tti.html#sigFreeIdc7649bf2f1










