«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлерінің қатысуымен кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру. Іс-шара барысында қорық қызметкерлері аумақты қоқыстан тазарту және қоршаған ортаны көркейту жұмыстарына белсене қатысты.
Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғи байлықтарды қорғау және келер ұрпаққа таза табиғат қалдыру – баршамызға жүктелген жауапкершілік. Осындай игі бастамалар қоғамда экологиялық сананы қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді.
Тазалық – ортақ іс, табиғатты қорғау – ортақ міндет!