Қоянсүйек (Calligonum spp)– Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында өсетін шөл өсімдіктерінің бірі.

Ол сортаң және құмды топыраққа жақсы бейімделген. Қуатты тамыр жүйесі құмды бекітіп, жел эрозиясының алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, көптеген құстар мен жәндіктерге паналау орны болып, шөл экожүйесінің табиғи тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады.

Табиғатты аялау – болашаққа деген қамқорлық.