Барсакелмес қорығында спорттық-танымдық іс-шара өтті
Барсакелмес қорығында спорттық-танымдық іс-шара өтті
Орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұжымы арасында көңілді әрі мазмұнды спорттық-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұжым мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен командалық рухты арттыру, сондай-ақ орманшы мамандығының беделін көтеру болды.
Қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын қызықты ойындар мен жарыстарға белсенді атсалысты. Эстафеталық сайыстар, логикалық тапсырмалар мен табиғатты қорғау тақырыбындағы танымдық сұрақтар қызметкерлердің тапқырлығы мен ұйымшылдығын көрсетті.
Жарыс барысында әр команда ерекше көңіл-күймен өнер көрсетіп, өзара қолдау мен достық атмосферасын қалыптастырды. Қызу дода мен күлкіге толы сәттер қатысушылардың сергіп, ұжымды одан әрі жақындастырды.
Мұндай шаралар қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын арттырып, табиғатты қорғау саласында еңбек етіп жүрген мамандардың рухын көтереді










