«Таза өлке» экологиялық акциясы ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері «Таза өлке» акциясын өткізді.

Іс-шара барысында қорық аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, табиғи ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғи экожүйелерді қорғау және экологиялық жауапкершілікті арттыру.

Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндет.