Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Парктер шеруі – 2026» акциясы қорытындыланды
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Арал аудандық Оқушылар үйінде республикалық «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясының жабылу салтанаты өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру және өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстарды қорытындылау болды.
Салтанатты жиынды Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының директоры Х. Қаниев пен Арал аудандық Оқушылар үйінің директоры Г. Садықбаева ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Өз сөздерінде табиғатты қорғау ісінің маңыздылығына тоқталып, экологиялық тәрбие мен табиғат жанашырларын қолдаудың қоғам үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Шара барысында «Парктер шеруі – 2026» акциясы аясында өткізілген табиғат қорғау, экологиялық ағарту және шығармашылық бағыттағы іс-шараларға белсенді қатысқан оқушылар, педагогтар мен серіктес мекемелер арнайы марапаттарға ие болды.
Сонымен қатар іс-шара аясында Оқушылар үйінің жазғы тынығу лагерінде демалып жатқан балаларға арналған танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қорық қызметкерлері «Мемлекеттік инспектордың жұмысы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, күзет қызметінің негізгі міндеттерімен таныстырды. Оқушылар қорық аумағын қорғау, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылатын жұмыстар туралы қызықты мәліметтер алды.
Республикалық «Парктер шеруі – 2026» акциясы қорытындыланғанымен, табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын таба береді. Табиғатты аялау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік.
View the embedded image gallery online at:
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2076-d-niezh-zilik-orsha-an-ortany-or-au-k-nine-oraj-parkter-sherui-2026-aktsiyasy-orytyndylandy.html#sigFreeId87c6dfb3a3
https://barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/2076-d-niezh-zilik-orsha-an-ortany-or-au-k-nine-oraj-parkter-sherui-2026-aktsiyasy-orytyndylandy.html#sigFreeId87c6dfb3a3










