5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және 7 маусым – Халықаралық су айдындарын тазалау күніне орай экологиялық акция өтті
 
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және 7 маусым – Халықаралық су айдындарын тазалау күніне орай республикалық «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы мен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қорық мамандары су айдындарының жағалау аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаға зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтарды жинады. Сонымен қатар табиғи экожүйелердің тазалығын сақтау, су ресурстарын қорғау және қоршаған ортаны ластамаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Табиғатты қорғау – тек мамандардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қоршаған ортаның тазалығы мен табиғи байлықтардың сақталуы бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Осындай игі шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын арттыруға және қоршаған ортаны қорғау ісіне қоғамның белсенді қатысуына ықпал етеді.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы алдағы уақытта да табиғатты қорғау мен экологиялық ағартуға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде жалғастыра береді.
Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!