«Парктер шеруі - 2026» республикалық табиғат қорғау акциясы мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері табиғи аумақтардың тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза аймақ» экологиялық шарасын өткізді. Іс-шара барысында қорық аумағы мен оған іргелес табиғи аймақтар тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартылып, санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау және экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Табиғатты аялау - қоршаған орта тұрақтылығын сақтаудың маңызды кепілі. Таза табиғи орта - адам денсаулығы мен келешек ұрпақтың жарқын болашағының негізі. Осыған орай, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау - әр азаматтың ортақ міндеті.