«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Арал қаласында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына белсенді қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс - шара барысында қала аумағы тұрмыстық қалдықтар мен шашылған қоқыстардан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Қызметкерлер экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, табиғатты қорғау - әр азаматтың ортақ міндеті екенін насихаттады. Мұндай экологиялық шаралар туған өлкенің тазалығын сақтауға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1988-taza-aza-stan-ekologiyaly-aktsiyasy-ayasynda-senbilik-zh-mystary-jymdastyryldy.html#sigFreeId193835265e










