Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығына ең жақын орналасқан елді мекендердің бірі - Қаратерең ауылында бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көгалдандыру және тал отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Іс - шараға Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары қатысып, ауыл тұрғындарымен бірге жасыл желекті көбейтуге өз үлестерін қосты. Акция барысында ауыл аумағына тал көшеттері отырғызылып, қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау және туған жердің экологиялық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындарға табиғатты аялау, жасыл желекті сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаратерең ауылының қорық аумағына жақын орналасуы табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстардың маңызын арттыра түседі. Осыған байланысты қорық мамандары жергілікті тұрғындармен бірлескен экологиялық шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Мұндай бастамалар табиғатты қорғау ісіне қоғам назарын аударып қана қоймай, жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға да ықпал етеді. Айта кету керек, осындай экологиялық іс-шаралар «Парктер шеруі» республикалық табиғат қорғау акциясы аясында да жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Аталған акцияның негізгі мақсаты - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау, экологиялық ағарту жұмыстарын дамыту және қоғамның табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыру.
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1984-aratere-auylynda-tal-otyr-yzu-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigFreeId8f05c2270b










