Көктем мен күз мезгілдерінде құрғақ шөпті өртеу орны толмас зиян келтіреді. Осыған байланысты тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы үнпарақтар таратылды. Оттың тез таралуы – жалын санаулы минут ішінде орманға, үйлерге және шаруашылық нысандарына жайылуы мүмкін.
Жануарлар мен құстардың қырылуы – олардың ұялары мен мекендейтін орындары отқа оранады. Экологияға зиян – ауаға улы заттар таралып, қоршаған ортаның ластануына әкеледі. Адам өміріне қауіп – күйік алу, түтіннен улану, тіпті адам өліміне дейін апаратын жағдайлар кездеседі. Есте сақтаңыз: Құрғақ шөпті өртеу заңмен тыйым салынған! Қауіпсіз тазарту әдістерін қолданыңыз. Өртті байқасаңыз, дереу 101 нөміріне хабарлаңыз.
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1952-r-a-sh-pti-rteu-tabi-at-pen-mirge-auip1111.html#sigFreeIdff4984b270










