Қорықтың мемлекеттік инспекторлары табиғи аумақтың сақталуын қамтамасыз ету, биоалуантүрлілікті қорғау және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында күнделікті негізде бақылау-шолу және рейдтік жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Аталған іс-шаралар барысында қорық аумағы толық қамтылып, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи кешендер, флора мен фауна нысандары тұрақты бақылауға алынады. Сонымен қатар, аумақта табиғатты пайдалану талаптарының сақталуы тексеріліп, заңсыз әрекеттердің алдын алу және жолын кесу бағытында тиісті шаралар қабылдануда.
Бақылау жұмыстары шеңберінде инспекторлар аумақтың экологиялық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп, табиғи ортаның өзгеру динамикасын бақылауда ұстайды. Ерекше назар Қызыл кітапқа енгізілген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер түрлерін қорғауға аударылып, олардың табиғи мекен ету ортасын сақтау бойынша кешенді жұмыстар жасалынуда. Қорық қызметкерлері табиғатты қорғау ісіне жауапкершілікпен қарап, табиғи мұраны келер ұрпаққа сақтап жеткізу жолында жүйелі жұмыс атқаруда.
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1948-ory-auma-ynda-ba-ylau-sholu-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigFreeIda47101836f










