«Парктер шеруі» және «Таза Қазақстан» экологиялық акциялары аясында, сондай-ақ «Түлектердің ағаш отырғызуы» бастамасы шеңберінде Жаңақұрылыс ауылының №74 орта мектебінің түлектерімен бірлесіп көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – елді мекен аумағын көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақты туған жердің көркеюіне үлес қосуға баулу болып табылады. Шара барысында мектеп түлектері белсенділік танытып, ауыл аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.
Көгалдандыру жұмыстары барысында қатысушылар ағаш отырғызудың маңызы, жасыл желектің экологиялық жағдайды жақсартудағы рөлі және табиғатты қорғаудың қажеттілігі туралы пікір алмасты. Түлектер өздерінің мектеп қабырғасынан алған тәрбиесін нақты іспен дәлелдеп, туған жердің болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетті.
Ағаш отырғызу – тек бір күндік шара емес, болашаққа бағытталған маңызды қадам. Отырғызылған көшеттер уақыт өте келе ауылдың экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл желек санын арттыруға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға септігін тигізеді.
Осындай игі бастамалар арқылы жастар табиғатты қорғау ісіне белсенді араласып, туған жердің көркейуіне өз үлестерін қосуда.
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1839-zha-a-rylys-auylynda-t-lekterdi-atysuymen-k-galdandyru-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigFreeId1201ce6caa










