Қаламызда Арал теңізі күніне орай Халықаралық Аралды құтқару қоры және бірқатар жергілікті мекемелердің қатысуымен тағылымы мол іс-шара өтті. Іс-шара №62 орта мектебінде ұйымдастырылып, оқушылардың табиғат пен Арал теңізіне арналған өлеңдері, әндері мен сахналық қойылымдары көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара барысында қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және табиғатты аялау бағытындағы жұмыстардың маңызы түсіндіріліп, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының негізгі мақсаттары кеңінен насихатталды. Мұндай бастамалар көктемгі табиғат қорғау шараларымен ұштасып, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл бастама табиғатты қорғау мен көгалдандыру жұмыстарының маңызын айқындай отырып, елімізде жүзеге асырылып жатқан экологиялық қозғалыстармен сабақтасты. Осындай игі шаралар «Парктер шеруі» акциясының негізгі идеяларымен үндесіп, қоршаған ортаны аялауға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.
Іс-шара соңында мектеп ауласына тал көшеттері отырғызылды. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері белсене атсалысып, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстардың маңызын насихаттады.