Қызылорда қаласындағы М. Сужиков атындағы №6 мектеп оқушылары үшін тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор экологиялық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараға Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы мамандары арнайы қатысып, табиғатты қорғаудың маңызы мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау туралы мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
Кездесу барысында оқушыларға туған жердің табиғи байлығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және әрбір азаматтың табиғат алдындағы жауапкершілігі жайлы кеңінен түсіндірілді. Мамандар қызықты деректер мен өмірлік мысалдар келтіріп, жас буынның табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.
Сонымен қатар, оқушыларға арнайы дайындалған ақпараттық үнпарақтар таратылып, экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған пайдалы кеңестер ұсынылды.