Қызылорда қаласындағы С. Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі базасында «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы мамандары студенттермен табиғатты қорғаудың маңызы, экологиялық жауапкершілік және қоршаған ортаны сақтаудағы жастардың рөлі туралы әңгіме жүргізді. Сонымен қатар күнделікті өмірде экологиялық мәдениетті қалыптастырудың өзектілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында қатысушыларға табиғатты аялауға бағытталған ақпараттық үнпарақтар таратылып, қоршаған ортаны қорғауға арналған бастамаларға белсенді қатысуға шақырылды.
Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық санасын арттыруға және табиғатты қорғау ісіне жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1793-ekologiyaly-m-denietti-alyptastyru-a-ba-yttal-an-kezdesu-tti.html#sigFreeId93c85c61d8










