2026 жылғы 11–12 наурыз күндері «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-де қорық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында екі күндік оқыту сабағы өткізілді.
Оқыту барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қорық аумағында орын алатын құқық бұзушылықтарды тіркеу және заң талаптарына сәйкес құжаттарды рәсімдеу, еңбек және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ дала жағдайында алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелері түсіндірілді.
Семинарға Арал ауданы прокуратурасының прокуроры Р. Жанаев, учаскелік полиция инспекторы Е. Баймағамбетов, ТЖ бөлімінің өкілі Н. Тоғысов, дәрігер Ғ. Жәлішев, дәрігер А. Мырзалиева, медбике Г. Кубеева, сондай-ақ қорық қызметкерлері А. Жылқайдаров, Г. Сатекеев, Б. Қуандықов, А. Есенова, Ғ.Үмбетов қатысып, өз салалары бойынша дәрістер оқыды.
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1688-barsakelmes-memlekettik-tabi-i-ory-ya.html#sigFreeId7dcbcb1e89










