«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері мекеме ауласында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбілік барысында мекеме аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, жиналған қар тазартылып, жолдар мен аумақтар ретке келтірілді. Қызметкерлер қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін көрсетті.
Осындай игі шаралар табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, қоршаған ортаның таза әрі көрікті болуына өз септігін тигізеді.
https://www.barsakelmes.kz/kz/zhanaly-tar/1678-taza-aza-stan-ekologiyaly-ba-darlamasy-ayasynda-senbilik-jymdastyryldy.html#sigFreeId25c1e2ba31










