2 ақпан күні әлемде Сулы-батпақты алқаптар күні атап өтіледі. Бұл күн сулы-батпақты экожүйелердің маңыздылығына қоғам назарын аудару және оларды қорғау қажеттігін насихаттау мақсатында белгіленген. Сулы-батпақты алқаптар су қорын сақтауда, климатты реттеуде және биоалуантүрлілікті қорғауда ерекше рөл атқарады.