Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында қызметкерлер арасында «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында жиналыс өтті. Мекеме заңгері Ғ. Үмбетов сыбайлас жемқорлықтың мемлекет дамуына және қоғамдық сенімге кері әсер ететін өзекті мәселе екенін атап өтіп, әрбір қызметкердің адал әрі жауапкершілікпен еңбек етуінің маңыздылығын жеткізді.