Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Барсакелмес қорығының инспекторлары ерекше бейнеролик түсірді Бейнероликтің басты кейіпкерлері – Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының мемлекеттік инспекторлары. Видеода жас орманшының алғашқы жұмысқа келген күнінен бастап, 25 жыл ішінде нағыз тәжірибелі, беделді маманға айналған сәттері әзілмен көрсетіледі. Бұл бейнеролик орманшы мамандығының жауапкершілігі мен рухын, сонымен қатар қызметкерлердің өмірге деген сүйіспеншілігі мен әзіл-қалжыңын айқын көрсетеді. Табиғатты қорғау – тек міндет емес, бұл жүректен шыққан өмірлік ұстаным Барлық орман шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз – еліміздің табиғи байлығын сақтаудың кепілі!