Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ағаш отырғызу бойынша ауқымды экологиялық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыру болып табылады.
Бұл игі іске Арал ауданының әкімі, аудандық білім бөлімі және барлық дерлік мемлекеттік мекемелер мен бөлімдер, Барсакелмес қорығының қызметкерлері мен оқушылар үйінің "Экология" үйірмесі белсене қатысты.
Қатысушылар қорық аумағында және белгіленген учаскелерде ағаш көшеттерін отырғызып, экологиялық тазалықты сақтауға өз үлестерін қосты.
Барсакелмес қорығы табиғатты қорғау бағытындағы шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Бұл жолғы акция қоғамның барлық өкілдерін біріктіріп, табиғатты аялауға деген ортақ жауапкершілікті күшейтті. Қатысушылардың айтуынша, мұндай игі бастамалар экологиялық мәдениетті арттырумен қатар, жас ұрпақты табиғатты сүюге және оны қорғауға тәрбиелейді.
Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс білдіріп, таза және жасыл Қазақстан құру жолында бірлесіп еңбек етуге шақырды.
[gallery}it9/janalyktar/15{/gallery}