Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының Сырдария өзенінің Кіші Арал теңізіне құяр сағасында орналасқан Дельта учаскесінде қорықтың мемлекеттік инспекторлары «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – табиғи аумақтың экологиялық жағдайын жақсарту, қорық аумағындағы тазалықты сақтау және қоғамда табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Тазалық жұмыстары барысында инспекторлар өзен жағалауы мен маңайдағы табиғи аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, экожүйенің табиғи келбетін сақтау бағытында жұмыстар атқарды.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы жыл сайын табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті арттыру бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл тазалық жұмыстары табиғатты қорғау ісіне деген жауапкершілікті арттырып, экологиялық сана қалыптастыруға ықпал етеді.