Қазақстанның табиғат қорғаушыларына арналған алғашқы «Елім-ай» сыйлығы бекітілді. Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің үздік инспекторлары, орманшылары  мен табиғат қорғаушыларына орман шаруашылығы және жанарлар дүниесі саласындағы «Елім-ай» арнайы сыйлығы тапсырылды.

Сыйлық 16 номинация бойынша ұсынылды. Ең үздік қорық номинациясында «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-і танылды. Жүлде мекеме директоры Әлімбетова Зәуреш Жансұлтанқызына табысталды.

Номинанттарға жүлделерді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Мәжіліс депутаттары  Павел Казанцев, Наринэ Микаэлян, сенатор Жүсіп Нұртөре, олимпиада чемпионы Василий Левит,  бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшаловтар және т.б. тапсырды.