Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында 5 тақырып бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары төмендегідей:
•       табиғи комплекстерінің және  жеке  компонентерін есепке алу;
•       биоценоздар мен олардын компонентері және де сирек кездесетін, жойылып кету қаупінде тұрған негізгі, сонымен қатар, индикаторлық өсімдіктер мен жаңуарлар түрлерінің жағдайының кешенді мәліметтерін жинақтау;
•       табиғи комплекстерге мониторинг жүргізіп, табиғи құбылыстармен бірге антропогендік әсерлердің өзгерістерін бақылап, «Табиғат жылнамасына» енгізу;
•       табиғи комплекстердің биологиялық алуантүрлілікті және жекеленген организмдер түрлерін қалыпына келтіруге, тиімді пайдалануға, қорғауға ғылыми негізде ұсыныстар әзірлеу.

Барсакелмес қорығы құрылған уақыттан бастап жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді, құстар мен сүтқоректілерді түгендеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорықтағы жануарлар мен өсімдіктердің тізімі толықтырылып отырады. Жыл сайын «Табиғат жылнамасы» жүргізіледі. Сонымен қатар қорықта жыл сайын фенологиялық және метеорологиялық бақылаулар жүргізіледі, әрбір мемлекеттік инспекторларға фенологиялық алаңдар берілген. Мемлекеттік инспекторлар ғылым бөлімінің басшылығымен жануарларға бақылау және санақ жұмыстарын жүргізеді.
Ғылым бөлімінің қызметкерлері фенологиялық, метеорологиялық бақылау және жануарларға санақ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулығын жасап, жұмыстың нәтижесін арттыру мақсатында әрбір инспекторға таратылып беріледі.

#менорманшымын
#ялесник