Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат, мониторинг және экологиялық ағарту бөлімімен қорық аумағындағы құстар әлеміне көктемгі мониторинг жүргізілді. Естеріңізге салсақ, қорық аумағында 250 түр құстарды кездестіруге болады. Оның 33 түрі Қызыл кітапқа енгізілген және 17 түрі индикаторлық түр болып табылады.