Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат, мониторинг және экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары күзгі санақ жұмыстарын жүргізді.

Санақ барысында қорық аумағы толық қамтылып, жануарлардың саны мен жай-күйі анықталды. Бұл жұмыстар сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың популяциясын бақылау үшін аса маңызды.

Санақ қорытындысы: 
•Түркімен құланы — 942 бас
•Қарақұйрық — 364 бас
•Шағыл мысығы — 10 бас.

Бұл деректер Барсакелмес қорығында жануарлар дүниесінің табиғи түрде өсіп, тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Қорық инспекторлары мен қызметкерлері алдағы уақытта да жануарлар әлемін қорғау, бақылау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жалғастырады.