Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында 2024 жылдың 22 - 23 ақпаны аралығында қорықтың мемлекеттік инспекторларына арналған оқу - сабақтары өткізілді. Іс - шараға Арал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, Ішкі істер бөлімі, А.Байтурсынов атындағы емханасы, Арал теңізі обаға қарсы күресу стансаларының мамандары шақыртылды.
Сонымен бірге, қорық мамандарынан құралған топ:
- Өртті болдырмаудың маңызы
- Табиғат жылнамасына мәліметтер жинақтау
- Қорықтың биоәркелкілігіне мониторинг жүргізу
- Тұрғындар арасында экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу
- Сапалы фото, видео материалдар әзірлеу
- Қауіпсіздік ережелерін сақтау
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
тақырыптарында дәрістер мен тәжірибелік сабақтар жүргізді.
https://www.barsakelmes.kz/kz/ory-ty-yzmeti/tabi-i-keshenderdi-or-au-yzmeti/memlekettik-inspektorlardy-bilimin-arttyru/860-memlekettik-inspektorlardy-o-u-saba-tary-tkizildi-2.html#sigFreeId0cd2e1b666