2024 жыл Шанхай ынтымақтастық ұйымының Экология жылы болып белгіленген. Осы орайда, еліміздің барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында тазалық және көгалдандыру жұмыстары белсенді іске асырылуда.

20-24 сәуір аралығында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығымен республикалық "Парктер шеруі"-2024 табиғат қорғау акциясы аясында "Жасыл желек - жердің көркі" ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

20 сәуір - Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні

Бұл — ел бойынша қолға алынып жатқан шара. Тұрғылықты жеріміздің тал-терегін жайқалтып, гүлмен көмкерілген баққа айналдырып, ауылымыздың ажарлы болуына үлес қосу кімнің болса да азаматтық парызы. Іс-шараға Барсакелмес қорығы қызметкерлері мен "Биофлота" экологиялық клубының мүшелері қатысты.

23-24 сәуір - Жаңақұрылыс, Қаратерең және Сазды елді мекендерінде "Жасыл желек - жердің көркі" ағаша отырғызу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараларға жергілікті әкімдіктер, білім ошақтары, мәдениет орталықтары, денсаулық сақтау ұйымдары мен бірқатар мемлекеттік мекемелер жұмылдырылды.

Жалпы көгалдандыру жұмыстарында 220 түп тал (терек, қарағаш, сыр талы және арша) отырғызылды.

#шыұ2024экологияжылы #парктершеруі2024