18 сәуір – Тарихи-мәдени мұралар мен тіршілік ортасының халықаралық күніне орай «Арал өңірі: тарихи ескерткіштер мен экологиялық білім» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шара барысында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бас экологиялық ағарту инженері А. Есенова «Арал теңізі: мұра мен үмітке саяхат» тақырыбында презентация жасап, Арал ауданының тарихи мекендері мен қорық аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы баяндады. Сонымен қатар, олардың ғылыми, танымдық және тәрбиелік маңызына тоқталып, табиғи мұраны сақтау қажеттілігі атап өтілді.
Кездесу барысында оқушылар табиғат қорғау және экология тақырыбында өз ғылыми жобаларын қорғады. Жас зерттеушілер қоршаған ортаны қорғау бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті.
Сондай-ақ, іс-шара аясында келген Арал ауданы мұғалімдерімен ой алмасу ұйымдастырылып, экологиялық білім беру мен табиғатты қорғау бағытындағы бірлескен жұмыстар талқыланды.