Бүгін "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" РММ-нің бас директоры Х.Қаниев пен Арал аудандық №83 орта мектебінің директоры Ш.Бекеева "Жергілікті жердің флорасы мен фаунасы" жобасы аясында екіжақты Меморандумға қол қойды.

Жобаның мақсаты - Арал өңірінде кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін танып білу, жергілікті жердің флорасы мен фаунасына зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, туған өлкенің табиғатын аялауға,  табиғат байлықтарын танып білуге, жанашырлықпен қарауға бағыттау.

Жоба аясында №83 орта мектебі Арал ауданында жаратылыстану бағытындағы тірек-мектеп мәртебесіне ие болмақ. Сондай-ақ, екі мекеме қызметкерлерімен 5 жылдық жұмыс жоспары әзірленіп, жоспар аясында біріккен жұмыстар іске асырылады.