Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының аумағында өрт қауіпті кезеңі орнатылды

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 27-4/61-НҚ бұйрығы негізінде өрт қауіпті кезеңге орай Бармакелмес мемлекеттік табиғи қорығының Қасқақұлан, Барсакелмес және Дельта учаскелерінің аумағында күшейтілген тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастырылды.
Осы орайда, тұрғындарға дала және орман өрттерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік орман қорына бару ережелерін және ҚР ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз!

🔹2024 жылдың 9 сәуір күні Арал аудандық Төтенше жағдайлар бөлімшесі, #3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы және Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелерінің бірлескен өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді. Аталмыш жаттығулар дала және орман өрттерімен күресу мақсатында жүргізілді.