ЖЕР САҒАТЫ
23 наурыз 2024 жыл
20.30-21.30 аралығы

🌎 Жер сағаты— Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемде өткізіліп келе жатқан ең ауқымды халықаралық экологиялық шара.
🌏 Қазақстан бұл шараға 2009 жылы волонтерлердің қолдауымен қосылған. Акцияның мақсаты – табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.
🌍 Дәстүр бойынша әртүрлі экологиялық тақырыптарға назар аудару үшін бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлері мен пәтерлеріндегі шамдарды сөндіреді. Сонымен қатар, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері мен маңызды ғимараттары өз жарықтарын сөндіреді. Акцияға елдердің мемлекеттік және жеке ұйымдары да қолдау көрсетеді.
🇰🇿 2024 жылы Қазақстанда «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналған. Біз Қазақстанның барлық тұрғындарын саналы таңдау жасауға – туған табиғатына көмектесуге шақырамыз.