Сұңқылдақ аққу (лат. Cygnus cygnus) - Қазақстанда кең тараған болатын, қазір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Кіші аққудан ірірек келеді: ұзындығы 140-160 см, қанатжайымы - 205-235 см, ал салмағы 7-12кг болады. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы. Аққудың бұл түрін Линнеус (Linnaeus) 1758 жылы ашты. Саны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай алмайды.